Биыл Қазақстанға 960 мыңға жуық шетелдік келді

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанға 960 мыңға таяу шетелдік келді. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлім етті.

Биыл Қазақстанға 960 мыңға жуық шетелдік келді

«Ал көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке 8 мың 700 шетелдік тартылды. Оның ішінде 2,5 мыңы ел аумағынан шығарылды. Бұдан бөлек,  заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісіне орай жыл басынан бері 23 қылмыстық іс қозғалды. 1,5 мыңға тарта шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері анықталды», - дейді Қалмұханбет Қасымов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы бүгінгі таңда жеке тұлғаларда жұмыс істейтін мигранттар үшін Ресей тәжірибесіне негізделген «еңбекші патенті» жүйесін енгізу қарастырылып жатқанын жеткізді.