Биыл Қазақстанның жаңа Кеден кодексінің жобасы әзірленеді - Б. Жәмішев

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Биыл Қазақстанның жаңа Кеден кодексінің жобасы әзірленеді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Болат Жәмішев айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, құжат кедендік рәсімдеу кезіндегі шекарадағы әкімшілік кедергілерді бәсеңдету мақсатында әзірленгелі отыр. Б. Жәмішев тексерудің барлық түрлерін қысқарту үшін Кедендік бақылау комитеті былтыр бірқатар нақты шараларды қолға алғанын атап өтті. «Атап айтқанда, құқық бұзушылықты алдын ала ескерту тетігі әзірленді. Рәсімделетін кедендік құжаттардың мерзімі мен санын кезең-кезеңімен 3-тен 1-ге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Шекарада ықпалдасқан бақылау енгізіліп жатыр. Кеден органдарына фитосанитарлық, ветеринарлық және көліктік бақылау функциялары беріліп отыр. Осыған байланысты Астана қаласындағы шұғыл әрекет ету басқармасының функциясы кеңейтілуде», деді ол. Министр ілкі жоба ретінде қазақ-қытай шекарасында алғашқы 5 электронды өткізу бекеттері жұмыс істей бастағанын, тестік тексеру кедендік рәсімдеу мен бақылау процедурасында «адами фактордың» әсері азайғанын көрсеткенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар