Биыл Қостанайда 250 адамның жүрегіне ашық ота жасалады
Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев айтқандай, бұрын жүрекке ашық ота жасау үшін қаржы жеткіліксіз болған. Дегенмен, 2019 жылы бұл олқылықтың орны толады. Енді облыстық ауруханада жүрекке аса күрделі оталар жасалды.
«Біз осы қадам үшін білікті мамандарымызды дайындадық. Заманауи құрылғылар да бар. Осы уақытқа дейін жүрекке ашық ота жасауды қолға алғанбыз. Бірақ, ақшаның жетіспеуінен бұл ісімізді тоқтатуға мәжбүр болдық. Биылғы қаржыны қайта қарап, жоспарлы түрде жұмыс істесек қиын оталарды жасауға мүмкіндігіміз бар», -дейді бас дәрігер.
Белгілі болғандай, өңірде кардиохириургиялық көмекке зәру адамдар жетерлік. Тіпті, осы жылдың өзінде жүрекке 250 рет ашық ота жасалуы мүмкін.
Мамандардың сөзінше, осындай бір отаның құны 1 млн теңгеден асып жығылады.