Биыл ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілері парашютпен секіруден рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Аэроұтқыр әскерлердің әскери қызметшілері 7000-нан астам парашютпен секіру жасады.

Биыл ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілері парашютпен секіруден рекорд орнатты

«Бұл осы әскер түрі құрылған 2000 жылдан бергі көрсеткішердің рекордтық мөлшері болып табылады. Секіру нормативтерін орындай отырып Десантшылар, жыл сайын олардың санын 500-600-ге арттырып, суға секіруге, түнгі жағдайда секіруге машықтану деңгейін жетілдіріп келеді. Үздік әскери қызметшілер Аэроұтқыр әскерлерінің біріккен парашюттік ротасы мен шабуыл тобының құрамына енді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Десантшылар өз мүмкіндіктерін Спасск полигонындағы (Қарағанды облысы) «Өзара іс-қимыл-2014», «Чжужихе» полигонындағы (ҚХР) «Бейбіт миссия-2014» оқу-жаттығулары барысында, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы бөлімшелерімен бірлескен жиындық іс-шараларда табысты көрсете білді.