Биыл күзде әскерге 17 мың азамат шақырылады

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Қалалық Мәдениет сарайында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған жастарды әскерге шығарып салуға арналған Әскерге шақырушылар күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл күзде әскерге 17 мың азамат шақырылады

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, «Жасұлан» мектеп-лицейі мен әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, әскери-техникалық мектептің курсанттары, қала әкімдігі білім беру бөлімі мен ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.  

Ардагерлер мен әскери қызметшілер сөз сөйлеп, құттықтады. Іс-шара соңында әскерге шақырылушылар мен қонақтарға мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Айта кетейік, биыл күзде республиканың әскерлері мен әскери құрылымдарына 1992-2000 жылдары дүниеге келген 17 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады деп жоспарлануда.