Биыл мемлекеттік қызметшілердің жалақысына 1,32 трлн теңге бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеуге 1,32 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды energyprom.kz.

Биыл мемлекеттік қызметшілердің жалақысына 1,32 трлн теңге бөлінеді

2016 жылы мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысына ел бюджетінің шығыны 18%-ға артып, 1,30 трлн теңгені құрады. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 1%-ға ғана өсіп, бөлінген қаржы көлемі 1,32 трлн теңгеге жетеді. Соның ішінде 1,2 трлн теңге жалақыға, 112 млрд теңге өтемақы төлемдеріне, 7 млрд теңге қосымша қаржылай төлемдерге және 242 млн теңге міндетті зейнетақы аударымдарына жұмсалатын болады.

Қазақстанда мемлекеттік қызметте 98,9 мың адам жұмыс істейді. Оның 53 мыңы - орталық органдарда және 46 мыңы - жергілікті атқарушы органдарда еңбек етуде.