Биыл мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақыға бюджеттен 9 млрд. теңге қарастырылды

ТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биыл мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақыға бюджеттен 9 млрд. теңге қарастырылды.

Биыл мүгедек балалардың күтіміне берілетін жәрдемақыға бюджеттен 9 млрд. теңге қарастырылды

Оны 51 мың отбасы алып отыр. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті.

«Мүгедектіктердің құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызды мәселе оларды әлеуметтік қолдаудың тепе-тең жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте әңгіме материалдық қамтамасыз ету, жақсарту, оңалту, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар болып отыр. Осы ретте қазіргі таңда мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру үшін үш деңгейлі төлемдер беріліп келеді», - дейді Г. Әбдіқалықова.

Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылдан бастап мүгедек балалардың күтіміне ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы енгізілген. Биыл оны 51 мың отбасы алып отыр. Ал осы мақсатқа Үкіметтен бөлінген қаржы 9 млрд. теңгені құрайды. «Бұған қоса, әлеуметтік қолдау ретінде мүгедектерге техникалық көмекші құралдар беру де қамтылуда. Мәселен, өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 52 мың адамға протездік-ортопедиялық, есту қабілетін протездеу көмегі көрсетіліп, арнайы құралдар берілді», - дейді Г. Әбдіқалықова.