Биыл облыста 7613,9 мың тонна жүк тасылды

АҚТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, биыл облыс көліктерімен, коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар және кәсіпкерлер тасыған жүк көлемін бағалауды ескергенде, 7613,9 мың тонна жүк тасылған.
None
None
Бұл 2008 жылдың деңгейіне 100,8 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Облыстың жалпы жүк тасымалында көлік кәсіпорындарымен, яғни, тасымалдық қызмет негізгі экономикалық қызмет түрі болып табылатындармен, 59,7 мың тоннадан астам жүк тасымалы жүзеге асырылған. Бұл өткен жылдың қаңтарынан 0,7 пайызға көп. Автомобиль көлігіндегі негізгі тасымалдаушылар ? коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер. 2009 жылдың қаңтарында олардың үлесіне барлық автомобиль жүк тасымалының 85,4 пайызы тиді.
Соңғы жаңалықтар