Биыл ОҚО-дан Қызылжар ауданына 16 жанұя біржола қоныс аударды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жергiлiктi тұрғындардың айтуынша, былтыр мына аумақта көнеден қалған үйлердiң қирандылары жатқан. Және оны жағалай кәрi ағаштар өсiп тұрыпты. Қазiр оның бiрi де жоқ. Бос жатқан жердi Шералиевтер әулетi бiрнеше жылға жалға алып, 4 Га-жердi егiстiкке ыңғайлап өңдеген. Көктемде осы алқапқа орамжапырақтың 7 түрiн, одан басқа қызанақ, сәбiз, қияр сынды көкөнiстердiң тұқымдарын сiңiрiптi. Дәндерiн Голандиядан арнайы тапсырыспен алдыртқан. Қазiр Умарали Бегалиев жердi қопсытып, жағалай қаулап өскен арам шөптердi жұлып, көкөнiстердi баптауда.
None
None

Умарали Бегалиев - Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

- Жерi жақсы, жұмсақ. Суды Есiл өзенiнен аламыз. Келешекте жердiң аумағын ұлғайтпақшымыз. Бұл жердiң ауа райы маған жақсы жағып жатыр. Далада кең тыныстап, жұмыс iстегенде шаршамай өзiмдi жеңiл сезiнiп жүремiн. Жан-жағымда аққайың ағаштары өсiп тұр. Не дегенмен де ауасы таза. СҚО-на келгенiме қуанамын.

Үйдiң үлкенi - Умарали Бегалиев ОҚО-нан ата-анасы, iнiсi Акбарали, қарындасы Нафисамен былтыр күзде Соколовка ауылына бiржола көшiп келiптi. Өңiрiмiзге қоныс аударушылар жақында мемлекеттен бiр реттiк - жиынтық құны 912 мың теңгенiң көтермеақысын алды. Күнгейден келгендер әзiрге баспананы жалдап тұрмақ. Шералиевтер әулетi негiзгi табыс көзiн бағбандық iстен айырып отыр. Маусының ортасынан 2,5 тонна қияр жинап, табиғи таза өнiмдi облыс орталығындағы «Южный» базары мен көршiлес ауылдардағы дүкендерге көтерме бағамен (120 тг.) өткiзiптi. Маусымдық жұмысқа тартылған барлығы 15 адам еңбегiмiздiң ақысын күндегiсiн алып тұрамыз дейдi.

Валентина Килина - Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

- Бiз осы жердегi барлық жұмыстарды атқарамыз. Көктемде тұқымдарды жерге сiңiрiп, ұдайы арам-шөптердi жұламыз, жердi қопсытамыз. Жаз бойы көкөнiстерге күтiм жасап, өнiм жинауға атсалысамыз. Еңбекақымыз айына 30 мың теңгеден шығады. Жұмыс орным үйiме жақын.

Бағбандық - машақаты көп iс әрi одан түскен кiрiс айналым қаражатын толықтыруға жетпейтiн көрiнедi.

Акбарали Бегалиев - Соколовка селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

- Жергiлiктi билiкке және iскер азаматтарға өтiнiшiм бар. Маған қолы ашық азаматтар немесе банктер 2017 жылы 6 айға 5 пайыздық үстемеақымен3 млн ақша қарызға берсе деймiн. Ол қаражат маған ауыл шаруашалығымен айналысу, айналым қаражатын толықтыру үшiн қажет.

Өзбек ағайындарының келешекте 30 бас сиыр алып, сүт және ет сату iсiмен мықтап айналысу жоспарларында бар екен.

Жалпы осы жылы Қызылжар ауданына Оңтүстiктен 16 отбасы қоныс аураған. Барлығына жиынтық құны 5 млн. 270 мың. теңгеден артық көтермеақы берiлдi. Жыл соңына дейiн аталмыш ауданға 2 жанұя көшiп келеді, деп хабарлады mtrk.kz.

Соңғы жаңалықтар