Биыл «Опералия - 2012» халықаралық фестивалі Астана мен Алматы қалаларында 7-рет өтеді

«Опералия» фестивалінің арқасында астана тұрғындары мен қала қонақтары әр жылы әлемнің үздік театрларындағы балеттің көрнекті солистері мен танымал опера әншілерінің өнерімен танысуға мүмкіндік алады.
Биыл жетінші рет өткізілгелі отырған бұл өнер мерекесінде 3 шілдеде сағат 19.00-де, Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында, ал 7 шілдеде сағат 19.00-де Алматы қаласындағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Сильвиа Далла Бенеттаның және Джузеппе Вараноның (Италия) қатысуымен «Әлемдік опера жұлдыздары» гала концерті өтеді.
Джузеппе Варано (тенор) 16 жасынан бастап ән айта бастады. 2002 жылы Мессин қаласында Корелли атындағы консерваторияны аяқтады.
В 2002-2003 жылдары Парма қаласында Артуро Тосканини Қорымен құрылған «Voci Verdine» курстарында Аллен Биллармен және Беппе де Томазимен өз вокалдық шеберлігін шыңдады.
Итальяндық тенор Джузеппе Варано 2002-2003 жылдары дирижер Франко Дзеффирелли жетекшілігімен Буссетода «Травиата» операсында Альфред партиясын орындай отырып өз кәсіби дебютін жасаған.
2009-2010 жылдары Дж. Пуччини «Богема» операсында Рудольф партиясын орындап, Лейпциг опералық театрына алғашқы рет шықты. Савонлин опералық фестивалінде Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсында Пинкертон партиясын орындады.
Сол жылы Швейцарияда Хельсинбург симфониялық оркестрімен "Верди реквиемі" концертінде өнер көрсетті.
2010-2011 жылдары Варано Мэдисон опералық театрында Дж. Вердидің «Травиата» операсынан Альфред партиясын алғашқы рет АҚШ-та орындады. Сондай-ақ Дж. Вердидің «Травиата» операсымен Опер Граз театрында алғашқы рет өнер көрсетті.
Әсіресе 2009 жылғы маусым айында Принсипал театрында (Пальма де Майорка, Испания) Фауст операсында қатысуы, және де 2009 жылы шілде айында Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсындағы Пинкертонның партиясын орындаған Болонья қаласында Коммунале театрында алғашқы рет өнер көрсеткені маңызды дебют болды.
Джузеппе Варано Верди мен Л. Берионың тенор мен оркестрге арналған 8 романсын дирижер Роберто Аббадо жетекшілігімен Милан симфониялық оркестрімен орындаған дебюті сәтті болды.
Өзінің шығармашылық қызметі жылдарында Джузеппе Варано әлемнің көптеген концерттеріне қатысты, оның айрықша вокалдық қабілеті көрермендерден және өнер сыншыларынан жоғары бағаланды.
Сильвия Далла Бенетта - колоратурлық лирикалық сопрано. Жоғары вокалдық диапазонды дауысы бар, Моцарттан бастап Россиниге дейінгі, Беллиниден Доницеттиге дейінгі белькантоның барлық партияларын шебер орындайды.
1992 жылы Венецияда Бенедетто Марчелло атындағы музыкалық консерваторияны үздік бітірді және Силва Стэлла, Салио Валли, Ида Адами Коррадетти, Романо Гандольфи, Дэния Маццола, Лоу Шерман секілді оқытушылармен өзінің оқуын жалғастырды.
Сильвия Далла Бенетта - Линьяно Саббьядоро атындағы халықаралық конкурстың, Антони Буззола ди Адриа атындағы халықаралық конкурстың және Тим ди Ром сыйлығының лауреаты. Падов қаласы Ирис Адами Коррадетти атындағы халықаралық конкурстың стипендиаты.
В 2004 жылы Сан-Ремода Опералық Фестивальде халық қазыларынан І сыйлыққа және өнер көрсеткені үшін ІІ сыйлыққа ие болды.
Сильвия Далла Бенетта А. Аллеманди, Д.Каллегари, Ф.М. Карминати, М. де Бернард, Р, Гандольфи, С. Монтанаро, П. Моранди, Д. Орен, Д. Рензетти, М. Рота, Д. Уэбб, Д. Коватчев секілді атақты дирижерлармен жұмыс істеді. Гамбургтегі Штаатсопер, Генуя қаласындағы Сан-Карло ди Фениче театры, Массимо ди Палермо театры, Реджо ди Парма театры, Триест қаласында Верди театры, Театр ля Фениче ди Венеция, Верона қаласында Филармониялық театр сияқты әлемнің ең танымал театрларында өнер көрсетті.