Биыл Өскеменде соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәслихат Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына, тыл ардагерлері мен концлагерь тұтқындарына Жеңіс күні мерекесіне орай берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін бекітті.

Биыл осы санаттағы азаматтарды қолдауға 180 млн теңге бөлініп отыр.

Атап айтқанда, 9 мамыр қарсаңында:

- Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне – 1,5 млн теңге;

- Ерікті жалдамалы құрамдағы адамдарға - 100 мың теңге;

- Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтарға - 100 мың теңге;

- Концлагерьлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына - 100 мың теңге;

- Соғыс кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауыруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайына - 100 мың теңге;

- Тыл еңбеккерлеріне - 100 мың теңге;

- Марапатталмаған тыл еңбеккерлеріне - 50 мың теңге беріледі.


Соңғы жаңалықтар