Биыл Президент стипендиясы 1 005 студент пен 7 магистрантқа беріледі
Құжатта жазылғандай, биыл Президент стипедиясы оқу орындары арасында былай бөлінді:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – бакалавриат – 100, магистратура – 2;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бакалавриат – 94, магистратура – 2;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті -бакалавриат – 94;
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университет - бакалавриат – 2;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті - бакалавриат – 5 магистратура – 1;
- Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті - бакалавриат – 7;
- Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті - бакалавриат – 30;
- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті -бакалавриат – 55;
- Торайғыров университеті - бакалавриат – 20;
- Павлодар педагогикалық университеті - бакалавриат – 21, магистратура – 1;
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті - бакалавриат – 27;
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті - бакалавриат – 4;
- Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті - бакалавриат – 34;
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті - бакалавриат –12, магистратура – 1;
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - бакалавриат – 13;
- Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті - бакалавриат – 8;
- Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті - бакалавриат – 11;
- Қарағанды индустриялық университеті - бакалавриат – 2;
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi - бакалавриат – 47;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті - бакалавриат – 34;
- М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi - бакалавриат – 60;
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті - бакалавриат – 20;
- Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті - бакалавриат – 11;
- М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті - бакалавриат – 25;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті - бакалавриат – 25;
- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті - бакалавриат – 2;
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - бакалавриат – 4;
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - бакалавриат – 2;
- КИМЭП университеті - бакалавриат – 25;
- Нархоз университеті - бакалавриат – 3;
- Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - бакалавриат – 7;
- Алматы технологиялық университеті - бакалавриат – 16;
- Алматы менеджмент университеті - бакалавриат – 4;
- Халықаралық білім беру корпорациясы - бакалавриат – 35;
- «Туран-Астана» университеті - бакалавриат – 2;
- «Туран» университеті - бакалавриат – 15;
- Сулейман Демирель атындағы университет - бакалавриат – 30;
- Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті - бакалавриат – 2;
- Астана халықаралық университеті - бакалавриат – 4;
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт - бакалавриат – 18;
- Еуразия гуманитарлық институт - бакалавриат – 5;
- Логистика және көлік академиясы - бакалавриат – 1;
- Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті - бакалавриат – 4;
- Халықаралық бизнес университеті - бакалавриат – 12;
- Тараз халықаралық инновациялық университеті - бакалавриат – 3;
- Қазақ технология және бизнес университеті - бакалавриат – 2;
- «Қазақ спорт және туризм академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - бакалавриат – 1;
- Каспий қоғамдық университеті - бакалавриат – 3;
- Alikhan Bokeikhan University - бакалавриат – 12;
- Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті - бакалавриат – 14;
- Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті - бакалавриат – 4;
- Шымкент университеті - бакалавриат – 5;
- Қазақстан-Американдық еркін университеті - бакалавриат – 4;
- А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті - бакалавриат – 4;
- Қазақстан-Неміс университеті - бакалавриат – 1.
Стипендия еліміз бойынша барлығы 55 жоғары оқу орнына бөлінді. Ол арқылы 1 005 студент пен 7 магистрант білім алады.
Аталған бұйырық ресми жарияланған күннен, яғни 5 маусымнан күшіне енді.
Қоса кетсек, бұған дейін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжат қабылдау мерзімі өзгеретенін хабарлап едік.