Биыл прокурорлар кәсіпкерлікті заңсыз тексерудің 27 мыңға тарта оқиғасының алдын алды

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылы еліміздің прокуратура органдары кәсіпкерлік қызметті заңсыз тексерудің 27 мыңға тарта фактісінің алдын алды.

Биыл прокурорлар кәсіпкерлікті заңсыз тексерудің 27 мыңға тарта оқиғасының алдын алды

Бұл туралы бүгін ағымдағы жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа отырысында ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«Бизнесті қорғау саласында прокуратура органдары 27 мыңға тарта заңсыз тексерістің алдын алды. Бұл ретте шамамен 7 мыңға жуық кәсіпкерлердің құқы қорғалды. Ал бұндай нәтижеге ең алдымен әрбір прокуратура органдарының жанында құрылған кәсіпкерлік құқын қорғау жөніндегі жедел топтардың құрылуы өз септігін тигізді», - дейді бас прокурор Асхат Дауылбаев. Оның айтуына қарағанда, прокуратура жанынан құрылған жедел топтар кәсіпкерлерден келіп түскен «дабыл» бойынша жедел шығып, заңсыз тексеруді жүргізбек болған органға құқықтық баға береді.