15:54, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Биыл ШҚО аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларының салдарынан 11 бала көз жұмып, 95-і жарақаттанды
ӨСКЕМЕН. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысының аумағында кәмелеттік жасқа толмаған 11 жасөспірімдің қаза болуы мен 95 баланың жарақаттануына әкеп соққан 99 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Әрбір 5-ші апат балалардың кінәсінен орын алды, деп хабарлады облыстық жол полициясы.
Ведомство мамандарының пікірінше, балалардың жол-көлік оқиғасынан зардап шегуінің алдын алу жұмыстары жүйелі әрі кешенді түрде өткізіліп тұруы қажет.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Семейде оқыс оқиға орын алды. Анасының қолында болған 1 жасар бала сытылып кетіп, жүріп бара жатқан көліктің астына түсіп кеткен. Семей қаласының шет аймағында әкесі балаларын ойнатпақ болып, резеңке дөңгелекке отырғызып, өзінің «Ноndа» жеке көлігінің артына байлап қойған. Балалар тас жолдың ортасында ауытқып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан көлікке тап болған.