12:22, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Биыл Жамбыл облысында 2 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Жамбыл облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады.

Бұл туралы бүгін аталған өңірдің басшысы Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
Оның атап өтуінше, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 260 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Аталған тұрғын үйді салу барлық қаржыландыру көздері есебінен жүргізіледі. Бұдан бөлек, облыс әкімінің айтуынша, 1,5 мың адам қалаға таяу орналасқан аумақтан баспана салу үшін жер телімдерін алатын болады. Дегенмен әкімнің сөзіне қарағанда, аталған учаскелерге 3 жылдың ішінде үй салынбаса, онда жер телімі мемлекетке қайтарылып алынатын болады.