08:42, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Биыл Жарқайың ауданында 70 кереуеттік аурухана пайдалануға берілмек - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Ақмола облысының Жарқайың ауданында емханамен бірге салынып жатқан 70 кереуеттік аурухананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткен жылы Державинск қаласындағы «Молодежный» шағын ауданында 75 пәтерлік бес көп қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған еді.
«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына кіретін бұл жобалар тиісті сараптамадан өтіп, қажетті қаржы бөлініп отыр. Ал келесі алтыншы және жетінші дәл осындай тұрғын үйлерді жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде. Ауданда өткен жылы 1575 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұған қоса, биыл аудандық емханамен бірге салынып жатқан 70 кереуеттік аурухананың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр. Таяу келешекте 280 балаға арналған балабақша салу да жоспарда бар», - делінген хабарламада.