Биыл жүк вагондары бойынша қажеттілік мәселесі жабылады - ҚТЖ

«Вагондардың жетіспеушілігі стратегиялық маңызға ие болып отыр. Яғни, бұл мәселені күнтәрбінен алып тастауға болмайды. Осы орайда, қазіргі кезде қанша вагон пайдаланылып жатқандығын зерделеп, оларды тиімді пайдаланудың көрсеткішін арттыру мәселесін қарастыруды ұсынамын»,-деді «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары» заңды тұлғалар ұйымының президенті Николой Радостовец.
Оның пайымдауынша, вагондар бойынша арнайы бағдарлама керек. «Біздің есептеулерге қарағанда, елімізде 25 пайыз деңгейінде вагондар жетіспейді»,-деді ол.
Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның вице-президенті Ерік Сұлтанов өткен жылы 17 мың вагон сатып алынғанын, ал биыл 14 мың жаңа вагондармен жасақталатынын жеткізді. «Ағымдағы жылы 14 мың вагонды алғаннан кейін біз қажеттілікті жабамыз. Осымен қатар 6 мыңға жуық вагонды жеке тасымалдаушылар сатып алуда»,-деді Е. Сұлтанов.