Биылдан бастап Астанада жылу тарифі өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ табиғи монополиялар субъектісінің жаңа тарифтік саясаты іске қосылды, онда бекітілген 2016-2020 жж. арналған ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істеу қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу энергиясын тасымалдау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1070 теңге мөлшерінде бекітілді, өсім 7% құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы нақты инфляция 13,6% болған.

Жылу энергиясын тасымалдау қызметінің қымбаттауына инвестициялық салымдардың артуы, жылу желілерін ұстау мен пайдалану үшін қажетті энергоресурстар, шикізат пен материалдар бағасының көтерілуі себеп болды.

Айта кетейік, «Астана-Теплотранзит» АҚ 571 км жылу трассасы мен 10 сорғы станциясына қызмет көрсетеді. Жылу желілері қалпына келтіріліп, арнайы техника жаңартылады, бұл көлік құралдарын жалдауға жұмсалатын ақыны азайтуға, ескі құралдарды ауыстырып, заманауи құрылғылар мен жүйелер сатып алуға мүмкіндік береді.

Жылу желілерінің үздіксіз сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Астанада тарифтердің ең төмен орташа көрсеткіштерінің бірі тіркелген, бұл ретте елорда 14-ші орында.

Соңғы жаңалықтар