Биылдан бастап базалық зейнетақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы көрсеткіші 15 мың 263 теңгені құрайды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Былтырғы жылы ҚР Парламенті қабылдаған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2009 жылдан бастап базалық зейнетақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы көрсеткіші 15 мың 263 теңгені құрайтын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң Елбасы Жолдауын жүзеге асыру ниетінен туындаған. Жолдауда зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін 2007 жылға қарағанда 2012 жылы 2,5 есеге, ал 2009 жылы 25 пайызға арттыру міндеттелген болатын. Сонымен бірге, заң жобасы бойынша зейнетақы мөлшерін есептеуге ұсынылатын табыстық шектеуді 25 айлық есептік көрсеткіштен 28 айлық есептік көрсеткішке дейін өсіру көзделеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда елімізде ең төменгі және орташа зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны 1 млн. 300 мыңға жуық болып отыр. Жалпы Парламент қабылдаған заңның нәтижесінде республикамызда базалық зейнетақыны қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы 15 мың 263 теңге, орташа зейнетақы 22 мың 493 теңге, ең жоғарғы зейнетақы 32 мың 121 теңгені құрайтын болады. Сондай-ақ ең төменгі зейнетақы алатындардың саны еліміздегі зейнеткерлердің жалпы санының екі пайызын құрайды, орташа зейнетақы алатындар 80, жоғары зейнетақы алатындардың саны 17 пайызды құрайтын болады. Жалпы алғанда, заң жобасын жүзеге асыру үшін тиісті шығыстар 2009-2010 жылдарға арналған үшжылдық бюджетте қарастырылған. Бұл бағаттағы шығыстар 2009 жылы 70,5 млрд. теңге сомасында белгіленіп отыр
Соңғы жаңалықтар