15:08, 13 Қазан 2012 | GMT +5
Биылғы бірінші жартыжылдықта Астананың ЖӨӨ көлемі 1 трлн. 86 млрд. теңгені құрады - әкім
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биылдың үш тоқсаны ішінде 396 млрд. теңгені құрады.
Бұл туралы бүгін елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
«2012 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн. 86 миллиард теңгені құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артты»,-деп атап өтті әкім.
Оның сөзіне қарағанда, негізгі капиталдағы инвестиция биылдың үш тоқсаны ішінде 396 млрд. теңгені құраған екен. Бұл көрсеткіш өз кезегінде өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 6,8 пайызға артық.
«Тұрғын үй құрылысы саласына тоқталатын болсақ, қаңтар-қыркүйекте пайдалуға берілген баспананың көлемі қала бойынша 1 млн. шарты метрге жуық болды. Осы көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғары»,-деді И. Тасмағамбетов.