Биылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан мен Канада арасындағы өзара сауда көлемі 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан мен Канада арасындағы өзара сауда көлемі 1,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдтің кездесуі барысындағы таратылған мәліметтерде хабарланған.
None
None

Атап айтқанда биылғы тоғыз айда Қазақстаннан аталған елге экспорт көлемі 1,7 млрд. долларға, ал Канададан импорт 176,8 млн. долларға жеткен. Қазақстаннан Канадаға бағытталған экспорттың 94 пайызы мұнай және мұнай өнімдерінен тұрады. Сондай-ақ бұл елден Қазақстанға келетін импорт ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларды (27 пайыз), тікұшақтар мен ұшақтарды (10 пайыз), көлік құралдарын (9,1), ірі қара малды (3,6 пайыз) және басқа да өнімдерді қамтып отыр.

Естеңізге сала кетейік, 2012 жылы екіжақты сауда көлемі 3,3 млрд. долларды құрады. Былтыр еліміздің экспорты 3,08 млрд. доллар деңгейінде болған еді.

Бүгінгі брифинг барысында Ерлан Ыдырысов екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудың перспективалары зор екенін айта келе, Джон Бэрд мырзаның Қазақстанға сапары түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін беретіндігіне сенім артты.

Соңғы жаңалықтар