Биылғы қаңтар-қыркүйекте ТМД елдері бойынша кейбір көрсеткіштердің өсу қарқынының төмендеуі сақталды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте Достастық елдері бойынша кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсу қарқынының төмендеуі сақталды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None
«ТМД Статкомитетінің деректері бойынша, Достастық елдерінде 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу қарқынының төмендеуі сақталды: өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,1% артты (2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,3% артқан), негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 0,4% (9,3%), жүк тасымалдау көлемі (құбыр көлігінсіз) - 2% (7,4%), бөлшек сауда айналымы - 5,6% (8,3%)», - делінген агенттік хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар