Биылғы наурызда ірі және орта кәсіпорындарға 68,7 мың адам жұмысқа қабылданды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес ағымдағы жылғы наурызда ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 68,7 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 65,9 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Биылғы наурызда ірі және орта кәсіпорындарға 68,7 мың адам жұмысқа қабылданды

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 80,8%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 4,8%, басқа себептер бойынша - 14,4% құрайды.

«Ағымдағы жылғы наурызда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,1%, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,0%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,6% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 104,3% құрады»,-делінген агенттік мәліметінде.