Биылғы тоғыз айда Қазақстанда 44 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары болды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы тоғыз айдан елімізде 44 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары болды, оның  9700 жағдайында адамдар зардап шекті.

Биылғы тоғыз айда Қазақстанда 44 мыңнан астам жол-көлік оқиғалары болды

Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтбаева айтты.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің саны 13 980-ді құрап, 2 029-ы қаза тапты.

«Былтырдан бастап ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамдардың жарақаттануына немесе қаза болуына алып келген жол-көлік оқиғаларын бірыңғай статистикалық есепке алуды жүргізу турасында уәкілетті орган болып табылады. Жол апатының ауқымы пайымдағанымыздан анағұрлым өзекті екенін байқадық», - дейді С. Айтбаева.