Биылғы Жолдауда келесі онжылдық кезеңдегі даму жоспарымыз айтылған - министр М. Құл-Мұхаммед

АЛМАТЫ. Ақпанның 27-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Халыққа әр жылдары атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдары қандай болатынын Президент айқындаса, ал халық соны түсінуі керек және ол Жолдау сол жылдың басты құжаты болуы қажет.
None
None

Бұл жайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін Алматыда ҚазЭУ студенттерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр Жолдаудың мемлекет өмірінде алар орыны мен маңызына тоқталды. «1789 жылы Джордж Вашингтон Американың Президенті болып сайланған. Ол елдегі атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдары жөніндегі Жолдауын 1790 жылы АҚШ Конгресінің алдында жасаған. Сол уақыттан бастап әлемдік саясаттану, экономика ғылымдарында саяси айналымға Жолдау деген сөз енді», деді Министр.

Сондай-ақ ол Елбасының алғашқы Жолдауы 1997 жылы болғандығын және онда еліміздің даму жолындағы бағыт-бағдарын айқындайтын Қазақстан-2030 стратегилық бағдарламасы таныстырылғанын айтып өтті.

«1997 жылғы Жолдауында Елбасы 2010 жылы Қазақстан өзінің ішкі өнімін екі есеге дейін ұлғайтады деген үлкен мақсат қойды. Ол мақсатқа біз 2007 жылы жеттік. Қазақстан өзінің экономикасын ғана емес, саяси жүйесін модернизациялау жөнінде де мақсат қойды. Сол кездегі жетік бағыт-басымдықта көрсетілген негізгі бағыттың алғашқы он жылында атқарылатын істердің барлығына биылғы Жолдауда сараптама жасалады. Міне биылғы Жолдауда бұрын алдымызға қойған мақсатымыз орындалғандығы, енді келесі онжылдыққа дейінгі кезеңдегі даму жоспарымыз айтылған», деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, ол Президенттің бәсекеге қабілетті мамандар даяралау жөніндегі идеясына тоқталып, бүгінгі жастардан және осы аталмыш университеттің түлектеріне үлкен сенім артатындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар