Биылғы жылдың 5 айында қаржы полициясы 91 қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ағымдағы жылдың 5 айында қаржы полициясының органдары 91 қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл былтырғы көрсеткіштерден 26,4 пайызға артық. Осы жайында бүгін Астанада өткен апталық брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, сотқа 71 қылмыстық іс  жіберілген. Бұндай істер бойынша келтірілген залал сомасы 187 миллион  250 мың теңгені құрайды. Оның 80,5 миллион теңгесі өтелді.

 Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, қаржы полициясы органдарымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан шет ел валютасын заңсыз өткізудің фактілері анықталды.

 «Мәселен, Маңғыстау облысында Б.Берсиевтің мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кедендік бақылаудан жасырып, Қазақстан Республикасының шекарасынан Ресей Федерациясына 204 мың АҚШ доллары көлеміндегі шет ел валютасын өткізген. Қостанай облысында «Мерке-К» ЖШС директорының орынбасары Е. Иванов 2 жыл бас бостандығынан шартты түрде айыруға сотталды. Ол 2005-2007 жылдары кедендік рәсімдеусіз Қазақстан Республикасының шекарасынан Ресей Федерациясына 2 млн. 965 мың АҚШ доллары және 105 мың еуро мөлшеріндегі ақшалай қаражатты заңсыз өткізген»,- деді М. Жұманбай.

Соңғы жаңалықтар