14:35, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Биылғы жылдың астығы өткен жылға қарағанда қомақты болады - Қазақстан астық одағы
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Биылғы жылдың астығы өткен жылға қарағанда көлемі жағынан қомақты болады.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде Қазақстан астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көктемгі егіс науқаны қарқынды жүргізіліп жатқандығына тоқталған ол, «атап айтқанда «ҚазАгро» холдингі арқылы бөлінген қаржы уақытылы жеткізілді. Сондай-ақ көлемі жағынан да, қаржылай тұрғыдан да 2009 жылдың егіні өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болатынын айтқым келеді», деді.
Осы орайда ол былтырғы жылы бірқатар облыстарда құрғақшылық болғанын, ал биылғы жылы бұл аймақтарда ылғалдың қажетті деңгейде екендігін айтып өтті.