Биылғы жылдың соңында пайдалануға берілетін Алматы-Қапшағай тас жолы ақылы болады - Ұ. Әліпов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың соңында пайдалануға берілетін Алматы-Қапшағай тас жолы толығымен ақылы болады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Халықаралық автокөлік жолдары, сапа, қауіпсіздік, инновация, білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренциясына арналған баспасөз мәслихаты барысында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, трасса ресми түрде алдағы жылдың басында қолданысқа енгізіледі.

«Алматы-Қапшағай тас жолы толығымен ақылы болады. Астана-Шортанды тас жолындағы тарифты барлықтарыңыз білесіздер - жеңіл автокөліктер үшін бір шақырымға бір теңге төленеді. Сонымен қатар, осы жолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына жеңілдіктер қарастырылған. Олар жылына 1000 теңге ғана абоненттік төлем төлейді. Меніңше, Алматы-Қапшағай тас жолында да осы тарифтер мен жеңілдіктер сақталады. Біз әзірге бағаларды өсірмейміз. Қазір қарқынды жұмыс жүруде. Жол құрылысына тек қазақстандық материалдар қолданылып жатыр. Биылғы жылдың соңында барлық алты жолақты магистраль пайдалануға берілді. Ал ресми түрде пайдалануға алдағы жылдың басында енгізіледі», - деді Ұ. Әліпов.

Соңғы жаңалықтар