Биылғы жылғы бірінші жартыжылдықта іске қосылатын инновациялық жобалар 74-ке жетті - А. Рау
![None None](/static/img/plug.webp)
«2010 жылғы жобаларға тоқталатын болсақ, бөлінген қаржының жалпы сомасы 800 миллиард теңгеден асып отыр. Атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта 72 жобаны іске қосу жоспарланған еді. Бүгін Үкіметте жалпы сомасы 350 миллиард теңгенің 74 жобасын тапсыру мәселесі шешілді», - деді вице-министр.
Іске асырылатын жобалар аясында жыл бойынша 20 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылады.
«Бұлар негізінен инновациялық жобалар. Сондықтан оларда еңбек ресурстарының үлкен көлемі қажеттілік тудырмайды» - деді А. Рау.
Осы орайда ол бірінші жартыжылдықта жүзеге асырылатын жобалар таныстырылатын республикалық телекөпір маусымның 28-іне белгіленіп отырғандығын жеткізді.
Бірінші жартыжылдықта іске қосылатын жобалар бойынша игерілген инвестиция көлемі бүгінде 284 миллиард теңгені немесе 84 пайызды құрайды.