Биылғы жылы бірқатар мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасатын болады ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Биылғы жылы бірқатар мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасатын болады. Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісі барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алқа барысында Үкімет басшысы, бүгінгі жиынның ерекшелігіне тоқтала келе, басқосуда ұлттың, елдің кескін-келбетін айқындайтын мәдениеттің жай-күйі талқыланатындықтан бұған ерекше маңыз берілетінін атап өтті. Сонымен бірге, Премьер-Министр ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту және еркін ақпараттық ортаны қалыптастыру туралы пікір білдіріп, ағымдағы жылы атқарылуы тиіс маңызды шараларды шолып өтті. «Әлемде болып жатқан барлық қаржылық қиындықтарға қарамастан, біз мәдениетке қолдауды жалғастыра беретін боламыз. Өткен жылы Лермонтов атындағы орыс драма театрын күрделі жөндеуден өткіздік. Дегенмен де, қазіргі күні республика бойынша бірқатар мәдениет нысандары жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруды талап етеді. Мәселен, Алматыдағы Ұлттық кітапхана, Ә. Қастеев мұражайы, Достық үйі секілді нысандарға күрделі жөндеу қажет. Осыған орай, Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммедке экономикалық ведомстволармен, әкімдіктермен бірлесе отырып, сол нысандардағы жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы мәселені шешу жолдарын қарастыруды тапсырамын. Менің қарауыма тиісті қаулыны шығарған соң, мәдениет нысандарын жөндеу шешімін табатын болады», деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар