Биылғы жылы мемлекеттік сыйлық алатын шығармалар халқымыздың рухани өркендеуінің шынайы көрінісі болуы шарт - Қанат Саудабаев
ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бүгін Алматыда Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылға арналған мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы барысында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік сыйлықтар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалады. Бұл осы сыйлықтың дәрежесі мен жоғары талабын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар ұсынылған шығармаларға деген талапты күшейтеді. Жалпы комиссия мүшелерінің жауапкершілігін арттырады. Биылғы жылы мемлекеттік сыйлық алатын шығармалар Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен жүзеге асып келе жатқан халқымыздың рухани өркендеуінің шынайы көрінісі болып табылатын, рухани бай шығармалар болуы керек. Бұл шығармалар Қазақстан Республикасының рухани қазынасының асыл байлығына айналып, ал олардың авторлары отандық мәдениеттің тарихына алтын әріптермен жазылуы тиіс», деді Қанат Саудабаев.