Биылғы жылы Өскеменде Комендантка өзені қалпына келтіріледі

ӨСКЕМЕН. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Биылғы жылы Өскеменде Комендантка өзенін қалпына келтіру шараларының бірінші сатысы басталады.

Биылғы жылы Өскеменде Комендантка өзені қалпына келтіріледі

Жобаның құны 518 миллион теңгені құрады. Экологияны жақсарту жұмыстары жалғасатын болады», - деп хабарлады қала әкімі Ислам Әбішев облыс орталығының тұрғындарымен есептік кездесу барысында.

Атап өтер мәселе, «Комендантка болады» деген шешім қала әкімі тарапынан өткен жылы ол экологтар, қоғам өкілдерімен берге өзен сағасына екі сағат жаяу жорығы кезінде қабылданды, деп түсіндіреді баспасөз қызмті. Қысқа мерзім ішінде қажетті құжаттар дайындалды. Ең бастысы, ел Үкіметінде жобаның қорғалуы сәтті өтті.