Біз әйелді қапысыз құрметтеуге оралуымыз қажет - Н.Назарбаев

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әйелдерді мемлекеттің тірегі деп атады.

Біз әйелді қапысыз құрметтеуге оралуымыз қажет - Н.Назарбаев

«Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау - ерекше мәселе. Қымбатты ханымдар! Сіздер - отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» , деді Президент.

Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек, деп санайды Елбасы. Олар - болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.

«Қазақстан - зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып,  мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады. Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет» деп атап өтті Н.Назарбаев..  

Президент олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар, деп атап көрсетті.

«Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы - қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана - оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз», - деді Ұлт көшбасшысы.