15:44, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Біз аймақтағы энергетика рыногында көшбасшылық ұстанымды иелену үшін алдымызға үлкен міндеттер қоямыз - Қырғызстан президенті Қ.Бакиев
БІШКЕК. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Біз аймақтағы энергетика рыногында көшбасшылық ұстанымды иелену үшін алдымызға үлкен міндеттер қоямыз.

Бұл жөнінде Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиев Қамбарата ГЭС-2-дегі ірі жарылысты жүргізу бойынша іс-шаралар кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.
Президент мемлекеттің осы ауқымды жобаны қаржыландыру бойынша барлық міндеттемелерді орындағанын атады. «Қамбарата ГЭС-2-нің Қырғызстан экономикасын дамыту үшін стратегиялық мәні бар. Өз уақытында тіпті КСРО сияқты алып мемлекеттің өзі қаржылық қаражаттың жетіспеуінен құрылысты тоқтатуға мәжбүр болған еді. Қамбарата ГЭС-2-нің міндетті түрде салынатынына ешкім шек келтірмейді деп ойлаймын», - деді Қ.Бакиев.