Біз балаларды алған білімдерін өмірде қолдануға үйретуіміз керек - Б.Жұмағұлов

ӨСКЕМЕН. 29 маусым. ҚазАқпарат - Астанада өткен мектеп оқушыларының 46-шы Менделеев халықаралық олимпиадасында қазақстандық оқушылар командасы жеңімпаздар үштігіне енді.
None
None

Бұл туралы Өскеменде өтіп жатқан химия және биолоия мұғалімдерінің съезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

«Әлемнің 129 елінің арасында Қазақстан көшбасшылар үштігіне кірді. Соңғы үш жылда биология бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 221 медаль алынды, соның 60-ы алтын, 73-і - күміс және 88-і қола. Химия бойынша 82 медальға қол жеткізілді: 22 алтын, 31 күміс және 29 қола»,- деді ол.

Орта білім саласындағы алдағы міндеттерді айта келе, Б.Жұмағұлов мектептегі білім беру болашағының оннан астам жаңа қадамдарын атап өтті. Дұрыс талдауды талап ететін бірінші айқындамалардың бірі ретінде министр «Өткен ҰБТ-ға әрбір мектеп бойынша күрделі мониторинг жүргізу қажеттігін» атап өтті. Екінші айқындама «мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығына» қатысты. Министрдің айтуынша, «балаларды алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету міндеті тұр».

Сонымен қатар Б.Жұмағұлов, Білім беруді дамыдудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына енгізілген мектептегі білім беру жүйесіндегі үлкен міндеттердің ауқымды тізімін атап өтті. Олардың жекелегеніне ғана тоқталсақ: дарынды балалармен жұмысты жетілдіру, пәндік олимпиадаларды өткізудің жаңа тәсілдері мен ережелерін бекіту, дәрежені арттырудың жаңа жүйесін енгізу, мұғалімнің үшдеңгейлі санатын енгізу, химиктер мен биологтар қауымдастығын құру (математиктер мысалымен), химия мұғалімдеріне «зияндылық үшін» өтемақыны енгізу, қор орталықтары қызметінің ережелерін дайындау, қазақстандық мектептерде үштұғырлы тіл қағидатын енгізу, білім берудің жаңа стандарттары мен ұлттық ақпараттық-білім беру Ғаламтор-порталын құру.

Соңғы жаңалықтар