Біз бірыңғай экономикалық кеңістік құру бағытына қозғалысты бастадық - В.Путин
СКЕУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Біз бірыңғай экономикалық кеңістік құру бағытына қозғалысты бастадық.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған әңгімелесу барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путин осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РФ Үкіметінің ресми сайты.
Мәскеуге жұмыс сапарының барысында Президент Н.Назарбаевтың РФ Үкіметінің басшысы В.Путинмен кездесу өткізгені бұдан бұрын хабарланған болатын. Әңгімелесу барысында посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық мәселелері, оның ішінде жақында құрылған Кедендік одақтың жұмысы, ресей-қазақстан экономикалық қатынастары, сондай-ақ Украинадағы президенттік сайлаудың қорытындысы сөз болды.
«Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Кедендік одақ құрылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айының 1-інен бастап одақ жұмыс істей бастады. Ұлттық функциялардың бір бөлігі Кедендік комитетке берілді. Іс жүзінде, посткеңестік кеңістікте алғаш рет осындай ортақ орган құрылып отыр», - деп атап көрсетті В.Путин Қазақстан басшысымен болған әңгіме барысында. «Оның құзыры шектеулі әрине, дегенмен жеткілікті. Және біздің сарапшыларымыз қазір, ағымдағы жылы шілденің 1-інен бастап Кеден одағы толық ауқымда жұмыс істей бастауы үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз бірыңғай экономикалық кеңістік құру бағытына қозғалысты бастадық», - деді В.Путин өз сөзінде.