Біз Бірыңғай экономикалық кеңістіктің оңды жағы көп болады деп жұмыс жасап жатырмыз - ЕурАзЭҚ-тағы Қазақстанның тұрақты өкілі

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бірыңғай экономикалық кеңістіктің басты мақсаттарының бірі барлық елдердің арасындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің бәрін бірыңғайлап,
None
None

бір жүйеге келтіру. Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру: жағдайы, мәселелері және келешегі» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

«Қазір Кедендік одақ жұмысын жасап жатыр. Ол тауар айналымының еркіндігін қамтамасыз ететін болса, Бірыңғай экономикалық кеңістікте 1-қаңтардан бастап тек тауарлар ғана емес капитал мен қызмет жасау мүмкіндіктерінің бәрі еркін болады. Біз жақсы жағы көп болады деп жұмыс жасап жатырмыз. Өйткені барлық жасап жатқан қызметтің барлығы Бірыңғай экономикалық кеңістікті іске асырып, әр елдің экономикасына ғана емес, халықтың тұрмыс жағдайын жоғарылатуға өзінің септігін тигізеді», - дейді ЕурАзЭҚ-тағы Қазақстанның тұрақты өкілі Бақытжан Ордабаев. Оның айтуынша, Кедендік одақтың жұмыс жасап жатқанына 2 жылға жуық уақыт боп қалады. Бүгінгі дейін тауар айналымының қаншалықты өсіп жатқанын елдің бәрі естіп, көріп жатыр. Ол сандар әлі де өзінің жоғары деңгейіне жеткен жоқ. Оны тек қана 1-кезеңдегі сандар деп есептеу керек. Келешекте бұл экономикалық қарым-қатынастың сандары одан ары ұлғаяды, оған толық сенім бар.

Соңғы жаңалықтар