Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Біз Елбасы саясатына сенгендіктен елге келдік - Е.Айтмұхамбетов, БҚО

ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мен кешегі сайлауға елмен бірге қатысып, Елбасына дауыс бергенімді мақтан етемін.

Біз Елбасы саясатына сенгендіктен елге келдік - Е.Айтмұхамбетов, БҚО

Мұндай сәтті елін аңсап оралғандар ерекше сезінеді деп ойлаймын. Бұл туралы Орал қаласында тұратын кәсіпкер Есенгелді Айтмұхамбетов мәлім етті.

«Мен сонау Отанымыз тәуелсіздігін алғаннан кейін іле-шала елге оралған қандастардың бірімін. Көрші Ресейде сан жыл тұрып, бейтаныс жерге қоныс аудару оңай емес. Соған қарамастан, жұбайым мен қыздарымның, тумаларымның қолдауымен осындай шешім қабылдадым. Бірден айтайын, Елбасымыздың өзіне, қала берді оның салиқалы саясатына сенім артумен келген едім. Арада өткен жиырма жыл ішінде сенімім толық ақталды. Қазір аяғымнан тік тұрдым деуге болады. Өзімнің кәсібім бар. Тұрмысым жақсы. Онымен де шектеліп қалмай, бұрынғы үйренген дағды бойынша үгіт-насихат жұмыстарына да белсене араласудан шет қалғаным жоқ.

Көптің қалауымен қайта сайланған Елбасымыз өзіне де, өзгеге де тың әрі жауапты міндеттер белгілеп, соны жүзеге асыруға құлшынып отыр. Демек, оған келешекте де жан-жақты қолдау көрсетейік, ағайын!» деді Е.Айтмұхамбетов.