Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруға тиіспіз - Елбасы

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруға тиіспіз. Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Қазіргі таңда саналы стратегиясы қалыптасқан, болашаққа бағдары айқын барлық мемлекет өз ішінде инновацияны енгізуде жарысқа түсіп отыр. Қазақстан да бұндай үдерістен тыс қалмақ емес. Әйтсе де, «үлкен мемлекеттердің мүмкіндігі де үлкен». Алайда, біз де әрдайым тек солардың соңынан қуып жүрмеуге тиіспіз. Өз проблемаларымызды салмақты, әлемдік деңгейде атқарылып жатқандар бойынша шешуге тиіспіз. Біз инновацияны жалпыұлттық басымдық деп жарияладық. Яғни, бұл - болашақтың жолы. Алайда, қоғамда бұл туралы нақты түсінік жоқ», - деген Елбасы бұл бағытта жұмыс істеу қажеттігін ашып айтты. Президенттің айтуынша, барша қазақстандықтар индустрияландыру-инновацияландыру деген мәселені толық әрі жете түсінбейінше, жетістік туралы ойлаудың қажеті де шамалы.

«Бұл бағытта не істеу керек? Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруға тиіспіз. Ең болмағанда, біз осыған ұмтылуымыз керек. Сондықтан да мен осы бағыттағы ілкі жоғары оқу орны - «Назарбаев университеті» бола алады деп ойлаймын. Бұл - білім және ғылым министрлігінің ең басты әрі ең бірінші міндеті», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум