Біз Қазақстанды Беларусь үшін ең тартымды, перспективалы әріптес ретінде көріп отырмыз - Беларусь Президенті А. Лукашенко

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко өзінің елі үшін Қазақстан тартымды және перспективті әріптес деп пайымдап отыр. Бұл туралы ол бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
None
None

«Біздің екіжақты қарым-қатынастар айтарлықтай қарқынды дамып келеді. Бұл бағытта түрлі проблемалар біздің деңгейде шешімін тауап жатыр, сонымен қатар мамандар мен біздің үкіметтер де жақсы жұмыс істеуде», - деді А. Лукашенко.

Сонымен қатар ол жақында Қазақстан Премьер-Министрінің Беларусь еліінде өткен сапарының табысты болғанын тілге тиек етті. «Біз ҚР Үкімет басшысымен кездесіп, өте көп мәселелерді талқыдан өткіздік. Қазақстандық делегация біздің елдің бірқатар өңірлерінде болды», - деп атап өтті ол.

«Біз Қазақстанды Беларусь үшін ең тартымды, перспективалы әріптес ретінде көріп отырмыз. Қазақстандағы атқарылатын шараларға белсенді түрде қатысудамыз, сондай-ақ бұдан әрі қарай да қатысуға дайынбыз. Бізде жобалар аз емес және оларды жүзеге асыруда ешқандай проблема жоқ. Бұл өз кезегінде біздің ынтымақтастықтың деңгейін байқатып отыр», - деді А. Лукашенко.

Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Астанадағы саммитке тоқталған Беларусь Президенті, осы перспективті ықпалдастық бірлестікті алға жылжытуда тараптар бірнеше қадамдар жасауы керектігін сөз етті.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті саммитің маңыздылығын айта келе, онда проблемалар талқыланып, мәселелердің шешімін жасау жолдары қаралатынын жеткізді.

Қазақстан мен Беларусь елінің қарым-қатынастары тұрғысында Н. Назарбаев екіжақты сауда өсімінде жақсы үрдіс қалыптасып отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар Н. Назарбаев байланыстарды нақты талқылау үшін А. Лукашенконы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар