15:54, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Біз, майдангерлер бұдан да қиын кезеңнен өткенбіз
ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Біз, майдангерлер бұдан да қиын кезеңнен өткенбіз.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері Николай Котельников мәлім етті. Оның пікірінше, қазіргі дағдарыс кезеңі Ұлы Отан соғысындағы ел басына түскен нәубетпен салыстыруға келмейді.
Сондай қиыншылықты жеңген халқымыз осынау тұста да сабырлылық танытып, Елбасы атап өткеніндей, бірлікті ту ете алары хақ. Бұл ретте аға ұрпақ өкілдері бейтарап қалмай, халықты ынтымаққа үндей білулері тиіс. «Мемлекет бізге деген қамқорлық-қолдауын әрдайым көрсетіп келеді. Бұл Елбасымыздың биылғы Жолдауында да айқын көрініс тауып отыр. Әлемді жайлаған дағдарысқа қарамастан, зейнетақының орташа мөлшері 2010 жылы ? 25, 2011 жылы 30 пайызға өсетіні, әрине, қуантады. Бұл біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді арттыра түседі», деді майдангер.