Біз өкшемен жүгіруден әлемдік рекорд орнатылды

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Төрт австралиялық бойжеткен біз өкшемен жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Сиднейде өткен ерекше бұл жарыста әлгі сұлулар 80 метрлік қашықтықты 64 секундта жүгіріп өтіп, әлемнің назарын өздеріне аударды, деп хабарлады сейсенбі күні Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
None
None

Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға Гиннестің Рекордтар комитетінің сертификаттарымен қоса, ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Туфлилерінің биіктігі 8 сантиметрге жететін «бізбикелер» жарысына 100 әйел мен бір ер азамат қатысты. Агенттіктің ақпараты бойынша, осынау шарада жиналған қаржының барлығы Сүт безінің қатерлі ісігімен күрес жөніндегі ұлттық қорға аударылмақ.

Соңғы жаңалықтар