Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Біз өңірдің барлық мешіттерінде тәртіп орнаттық - Ақтөбе облысының әкімі

АҚТӨБЕ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында мешіттердің жағдайы мен имамдардың жалақысы - тұрақты.

Біз өңірдің барлық мешіттерінде тәртіп орнаттық - Ақтөбе облысының әкімі

Бұл туралы бүгін облыс әкім Архимед Мұхамбетов журналистерді марапаттау рәсімі барысында айтты.

«Бүгін біз облыстың барлық мешіттерінде тәртіп орнаттық. Өңірде 62 діни ғимарат бар, біз жамағат үшін барлық жағдайды жасап, мешіт салып жатырмыз. Бұған дейін бұрынғы пәтерлерде мешітке лайықталған діни орындар болды, онда адамдар намаз оқитын», - деді әкім.

Имамдар үшін жалақы мәселесі шешілді.

«Біз имамдардың жалақы мәселесін толығымен өзіміздің қарауымызға алдық. Бұған дейін берілген пітір-садақалар жетіспейтін, имамдар жұмыстан кетіп қалатын. Ал олардың орнына қандай адам келетіні тағы да тексерілмейтін», - деді Архимед Мұхамбетов.

Онымен бірге, әкім журналистерді діни экстремизмнің алдын алуда атқарушы билікпен, қоғаммен бір сарында, бір бағытта жұмыс істеуге шақырды.