Біз отандық ғарыш саласын әрі қарай қаржыландыратын боламыз ? Үкімет

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан біз отандық ғарыш саласын әрі қарай қаржыландыратын боламыз. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі кезде еліміздің ғарыш саласына бөлініп жатқан қаржыға байланысты көптеген маңызды сауалдар туындап жатыр. Халық арасында бұл қаражатқа қанша мектеп пен аурухана нысандарын салуға болатындығы жайында көптеп айтылуда. Бірақ, біз қабылдаған шешім өзгертілмейді. Әрі қарай дамып, прогрестің көш алдында жүру үшін Қазақстанға ғарыш саласы аса қажет. Сондықтан біз бүгінгі дағдарыс жағдайына қарамастан, Елбасының қойған мақсат-міндетттеріне орай, отандық ғарыш саласын әрі қарай қаржыландыратын боламыз», деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар