Біз жан-жақты дамыған еркіндікті, бейбіт өмірді дәріптейтін, өзге елдер өнеге тұтып, санасатын іргелі мемлекет құрудамыз - Елбасы
АНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Біз жан-жақты дамыған еркіндікті, бейбіт өмірді дәріптейтін, өзге елдер өнеге тұтып, санасатын іргелі мемлекет құруымыз қажет, осы жұмысты жасап та жатырмыз. Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы барысында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев осылай мәлім етті.
«Бүгін айтылған ойлар біздің ұрпақтың заман талабына сай болуына жағдай жасауға бағытталған. Иығымызға уақыт артқан жүк жеңіл емес. Жұлдызымыз оңынан туып, еліміз өркениеттің жолындағы ұлы көштен қалмай келеді. Талай ұлттың осы дүбірлі додада шаң қауып, тарих сахнасынан шығып қалғанын баршаңыз білесіздер. Оны ұмытпауымыз керек. Біз жан-жақты дамыған еркіндікті, бейбіт өмірді дәріптейтін, өзге елдер өнеге тұтып, санасатын іргелі мемлекет құруымыз қажет, осы жұмысты жасап та жатырмыз. Ендеше еліміздің қарыштап өркендеуі үшін үлкен жауапкершілікпен аянбай жұмыс істеу керек», деді Елбасы.