Біз жасампаз істеріміз арқылы жаңаруға бет алып келеміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Парыз» деген сөз, қасиетті борыш, азаматтық міндет деген ұғымды білдіреді. Сондықтан, бұл сөздің рухани мәні зор», деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, 2008 жылдың қаңтар айында Жезқазған қаласында өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі форумында Президент жыл сайынғы «Парыз» байқауын тағайындаған болатын. «Халық арасында елге қызмет - баршаға міндет деген ұлағатты сөз бар. Азаматтық парызды өтеу ел алдындағы парызды өтеумен бірдей болады», деді Елбасы.
Осы игі дәстүр бүгінде заңды жалғасын тауып отырғанына тоқталған Мемлекет басшысы тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бері мемлекетіміз әлеуметтік мәселелерге баса көңіл бөліп отырғанын айтты. Президент дағдарысқа байланысты күрделі кезеңді бастан өткергеніне қарамастан, қазіргі Қазақстан жұмыссыздықтың алдын алып, ел азаматтары жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп отырғанын атады. Атап айтқанда, биылғы жылы «Парыз» байқауында жүлдегерлер «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы», «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті мекеме», «Үздік ұжымдық келісімшарт» аталымдары бойынша марапатталады.