Бізде тарихнама деген ғылымның аты бар, заты жоқ - тарихшы Талас Омарбеков

АЛМАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тарихнама мен деректануға байланысты арнайы ғылыми журнал шығару керек. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан тарихы: жаңа ғылыми-әдістемелік көзқарас және зерттеу нәтижелері" деген тақырыпта өткен «Темірқазық» ұлттық сарапшылар клубының отырысында айтылды.
None
None

"Кім болса сол кітап жазатын болды. Біреуден көшіріп алса да, тарихты бұрмалап жатса да оған қой дейтін ешкім жоқ. Оған сараптама жасау үшін "Темірқазық" клубы сияқты сараптамалық бірлестік керек. Бірақ бұл аз, бұл жерде шулап-шулап тараймыз. Ол кміге керек. Айтылады, айтылады қалады. Қазір бізде бірде-бір кәсіби журнал жоқ. Біздің танымдық журналдарда сын айтатын рецензия деген бөлім жоқ", - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков.

Ғалым-оқытушының айтуынша, "Темірқазық" ұлттық сарапшылар клубы тарихнама мен деректануға байланысты арнайы ғылымиы журнал шығаруды қолға алса жөн болар еді. Онда жарияланған мақалалар арқылы жарық көрген еңбектерге тарихнамалық ғылымы талдау жасап, соған байланысты ұсыныстар жасауымыз керек. Бізде бұл бағыт дамымай қалған, деді ол.

Соңғы жаңалықтар