15:45, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бізде жаппай жұмыстан босатуға негіз жоқ
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – «Адамдар жаппай жұмыссыздық, өмір сүру деңгейінің төмендеуі болмайтынын түсінуі тиіс. 2008 жылдың қорытындылары бойынша біз одан бұрынғы жылдың нәтижелерінен анағұрлым асып түстік. 2009 жылы да экономика қарқыны өткен жылдың деңгейінде дамитын болады», деді кеше облыс әкімі Елеусін Сағындықов
Рождество мерекесіне байланысты шіркеуде сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаһандық дағдарыс туралы айта келіп, облыс басшысы Қазақстан дағдарыс әсерін жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін істейтініне ақтөбеліктерді сендірді. - Барлық мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде әлеуметтік бағдардағы жобалар орындалады. Өткен жылғыдай 300 мыңға тарта адам қосымша жеңілдіктермен қамтылады. Тарифтер өзгермейді, - деді әкім. ? Ақпанның 1-інен жақында пайдалануға берілген электр тарату желісі жұмыс істей бастайды, сонда электр энергиясының тарифі де төмендейді. Ресей газдың Украинаға бір мың текше метрін 400-ден астам долларға сатады, ал Оңтүстікте газ 200 доллар тұрады, ал бізде 20 доллар ғана. Мұндай көрсеткішке кәсіпорындармен келісім, жергілікті өкімет орындарының нақтылы ісі арқылы қол жеткіздік».Сондай-ақ әкім Мемлекет басшысының жұмыс орындарын сақтау жөніндегі тапсырмалары кәсіпорындарда орындалғанын айтты. «Бізде жаппай жұмыстан босатуға негіз жоқ. Дағдарысқа қарсы нақты жоспарларымыз бар», - деді Е.Сағындықов.