Біздер Қазақстанда - бейбіт, бірақ әскери қуатты мемлекетте тұратынымызды мақтан тұтамыз - тараздық ардагер

ТАРАЗ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Таразда «Оңтүстік» аймақтық құрылымы бөлімшелерінің Конституция күніне арналған әскери шеруі өтті.

Біздер Қазақстанда - бейбіт, бірақ әскери қуатты мемлекетте тұратынымызды мақтан тұтамыз - тараздық ардагер

«Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері небәрі 17 жыл ғана өтсе де және барынша қысқа уақыт ішінде біздің еліміз егеменді, дербес, тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандарына ие болды, - дейді Тараз қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақстандық спорттың және педагогика саласының ардагері Давид Евсеевич Уршанский. - Енді біздің Конституция күні деп аталатын ресми мерекеміз бар. Біздер Қарулы Күштеріміздің, әскеріміздің, полициямыздың және әскериленген ведомстваларымыздың қалай дамып жатқанын іс жүзінде көре аламыз.

Біздер Қазақстанда - бейбіт, бірақ әскери қуатты, заманауи әскермен қорғалған мемлекетте тұратынымызды мақтан тұтамыз», - деді Д.Уршанский.