Бізді тығыз одақтастық қарым-қатынастар, сондай-ақ екіжақты әрі көпжақты тұрғыдағы кең ауқымды байланыстар біріктіреді - Н.Назарбаев

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Беларус пен Қазақстан - жақын әріптестер. Бұл туралы бүгін Ақордада Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен өтіп жатқан кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None
«Бізді тығыз одақтастық қарым-қатынастар, сондай-ақ екіжақты әрі көпжақты тұрғыдағы кең ауқымды байланыстар біріктіреді. Бүгінгі Сіздің сапарыңыз осы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға зор үлес қосатындығына сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы. Елбасының атап өтуінше, бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданатын болады. Онда екі мемлекеттің достықты, экономикалық ынтымақтастықты, саяси байланыстарды нығайтуға ұмтылысы негіз болады. Сондай-ақ, Н. Назарбаев Беларусь Президентімен кеше және бүгін өткізілген шағын құрамдағы келіссөздер барысында екі елдің өзара іс-қимылдарын жан-жақты талқылағандықтарын баса айтты. «Біріншіден, сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамуда. ТМД елдері арасында Қазақстан-Беларусьтың Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші ірі сауда серіктестігі болып саналады. 2012 жылы сауда айналымы көлемінің шамамен 10 пайызға артқанына қарамастан, биыл төмендеу байқалады. Бұл толықтай алғанда әлемдік экономикамен байланысты. Дегенмен, бізде өнеркәсіптік кооперация саласындағы оң тәжірибе жалғасуда», - деген Н. Назарбаев бүгінгі таңда елімізде Қазақстан-Беларусь 14 бірлескен кәсіпорны жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар